Заңсыз активтерді қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазір 900 млрд теңгеден астам актив мемлекет меншігіне өтті. Оның арасында 513 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра нысандары, қонақ үйлер, бизнес орталықтар, зауыттар, элиталық жылжымайтын мүлік және 196 қымбат зергерлік бұйым бар. Сондай-ақ тағы бір жағымды жаңалық Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның несиелік рейтингін көтерді. Бұл ел тарихындағы ең жоғары жетістік, - дейді сарапшылар. Мамандар Қазақстанның мұндай рейтингке мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және сыбайлас жемқорлықпен күресте қабылданған шаралардың арқасында қол жеткізгенін айтады.
Ақбөпе Әбілқасымова, экономист:
Жоғары рейтинг Қазақстанның халықаралық нарықтағы беделін нығайтады, инвесторлардың сенімін күшейтеді және ел экономикасына тікелей инвестициялар тарту мүмкіндігін арттырады. Бұл елімізге жаңа индустриялар мен технологияларды дамытуға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қуан Нұрақын
