Оралда оқушылар тал-терек тұқымын егуді үйренді
Оралда орманшылар оқушыларға тал-терек тұқымын егудің тәсілін үйретті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр мектеп ауласына 200 дана көшет отырғызылады. Бұл жолы арша, боз арша ағаштарының тұқымы минералды топыраққа егілді. Кейін оқушылар он күндей күн сәулесінде тұруын бақылайды. Жаңбыр, еріген қар суы секілді таза табиғи су құйып, күтіп баптайды. Күзде өз ыдысынан алып, мектеп ауласына отырғызады. Мұндай іс-шаралар кейінгі буынды табиғатқа қамқор болуға баулиды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сеп болады. Іс-шараға Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мен Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 мектеп оқушылары қатысты.
Жаңылай Қибаш, оқушы:
Біз осы қылқан ағашын отырғызуды үйреніп, алдағы уақытта оны мектеп ауласына отырғызып, баптайтын боламыз. Және бұл ағаштарды тек сән үшін емес, ауламыздың тазаруы үшін егеміз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақ мәдениетінің жауһарлары көпшілікке ұсынылды
16.09.2025, 17:45

Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көліктер тексерілді
16.09.2025, 17:42
Сырдария өзені жыл сайын суалып барады
16.09.2025, 17:40
Агробизнесті қолдау жоспары әзірленеді
16.09.2025, 17:34
Қолданбалы ғылымға қолдау қажет
16.09.2025, 17:31
Қызылорда сақшылары қоғамдық тәртіпті дронмен қадағалайтын болды
16.09.2025, 17:26
Дропперлерге жаза күшейеді
16.09.2025, 17:23
«Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін 40 мың адам көрді
16.09.2025, 17:20