Ал Еуропалық Одақ қорғаныс саласын қаржыландыруды күшейтпек. Брюссельде өткен бейресми саммитте одаққа мүше мемлекеттердің көшбасшылары осы мәселені талқылады. 2021-2027 жылдарға ұйымның бюджетінен 8 млрд еуро бөлінді. Еурокомиссияның мәліметінше, алдағы он жылда ЕуроОдақтың қорғаныс саласына 500 млрд еуро инвестиция қажет. Сондай-ақ басқосуда көшбасшылар әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін дамыту, қару-жарақты жетілдіру мәселесін де талқылады.
Антониу Кошта, Еуропалық кеңестің төрағасы:
Украинадағы соғыс, кибершабуылдар, гибридті шабуылдар, Таяу Шығыстағы ахуал осының бәрі бізден мықты еуропалық тәсілді талап етеді. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін және құрлығымызда бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін әрекет етуіміз керек.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссияның төрағасы:
Наурыз айына дейін Еурокомиссия Еуропаның болашақ қорғаныс саласына қатысты құжатты дайындап, ұсынады. Соның арқасында Одаққа мүше елдер маусым айына дейін маңызды шешім қабылдай алады. Біз НАТО-мен, Одаққа кірмейтін басқа еуропалық серіктестерімізбен қорғаныс саласында ынтымақты күшейтуге ниеттіміз.
Нұрсұлу Қасым