Павлодардың іргесіндегі Атамекен кентінің мектептері арасында мамандықтар форумы өтті. Оқушыларға аспаздық өнер, ағаш шебері, слесарь, электр маманы сынды кәсіби білім алудың артықшылықтары айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Осыған орай Павлодар қаласына қарасты ауылдық жерлердегі мектептер облыс орталығындағы техникалық білім беретін колледждермен ынтамақтастықты күшейтті. Яғни биыл мектеп бітіргелі отырған түлектер кәсіптік білімге бағытталып жатыр. Нарықта сұранысқа ие әрі еңбекақысы жоғары мамандықтар арасында ұста, ісмер, тігіншілер бар.
Аружан Жұмабек, оқушы:
Қолөнер бұл ата-бабамыздан келе жатқан шығармашылықтың бірі. Яғни біз қолөнер туралы білуіміз керек. Үкілі тақия бұл қыздарға арналған. Аталарға арналған тақиялар, көптеген бас киімдер әкелдім.
Болат Аманбаев