Мобильді аударымды қадағалау сомасы 1 млн теңгеден басталуы мүмкін
Енді мобильді аударымдардың сомасы 3 айдың ішінде 1 млн теңгеден асса, қадағалануы мүмкін. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде мобильді аударымдар бойынша мониторинг жасалатын шекті соманы 255 мың теңгеден 1 миллион 20 мың теңгеге дейін көбейту мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір аударымдарды бақылау үшін шекті соманы өзгерту жоспары қарастырылып жатыр.
Жаңа критерий бойынша 3 айда ай сайын 100-ден астам төлем жасалып, жалпы сомасы 1 миллион 20 мың теңгеден асатын аударымдар бақылауға алынады. Бұл шешім Ұлттық банкпен бірлесіп қабылданған. Қазір тек техникалық жүзеге асыру мәселесі қарастырылып жатыр. Банктерден жауап алынып, жақын арада осы жүйе іске қосылады деді жауапты министрлік.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58