Энергетик мамандарды оқытуға ден қойыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетик мамандарды оқытуға ден қойыла бастады

31.01.2025

Энергетика саласына білікті, кәсіби мамандар дайындау – күн тәртібіндегі мәселе. Бұл ретте арнайы оқу гранттарын ұйымдастырып, түрлі жеңілдіктер қарастыру керек. Себебі келешекте бұл салада маман тапшылығы болуы мүмкін. Сарапшылар осылай деп отыр. Мәселен Алматыда энергетика және байланыс университетінде қазір небәрі бес мың студент оқиды. 50 жыл бұрын құрылған оқу ордасы осы уақытқа дейін 40 мыңнан аса түлек шығарған. Олардың көпшілігі өз саласында әрі кетсе 2-3 жыл жұмыс істеп, кейін басқа бағытқа ауысып кетіп жатыр дейді сала мамандары. Бүгін аталмыш оқу ордасының жарты ғасырлық мерейтойы тойланып, энергетика саласындағы түйткілді мәселелер мен жоспарлар айтылды. Сондай-ақ университеттің тұңғыш ректоры Альберт Болотов атындағы дәрісхана ашылды.

Ғани Нығметов, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры:

«Атомный электрический станция» деген жаңа мамандық аштық. Осы мамандық бойынша біз биылдан бастап ядролық физикалық институтпен бірге мамандарды дайындаймыз. Бізде Германияның университетінің филиалы ашылды. Қытаймен бірлесіп, инженерлік орталық ашайын деп жатырмыз. Екі дипломды бағдарламалар аштық. Әсіресе, мынау электроэнергетика, теплоэнергетика салалары бойынша.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу