Бельгияда тұмаумен ауруханаға түскендер саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Бельгияда тұмаумен ауруханаға түскендер саны артты

Бельгияда тұмаумен ауруханаға түскендер саны артты

Бельгияда тұмау өршіп, шарықтау шегіне жетті. Соңғы күндері ауруханаға түсушілердің саны күрт көбейген. Дені балалар мен қарттар. Гериатрия және пневмония бөлімшелерінде орын болмағандықтан, дәрігерлер науқастарды өздерінің тынығу бөлмелеріне орналастыруда. Медицина мамандары тапшы болғандықтан, жоспарлы операциялар кейінге шегеріліп жатыр. Қазір тұмауға қарсы екпе салдыртуға кеш екенін айтқан вирусологтар тұрғындарға бетперде киіп, пандемия кезіндегідей гигиена сақтауға кеңес берді.

Нұрсұлу Қасым


Бөлісу