Қазақстан мен Ресей арасында сауда айналымы былтыр 24 млрд доллардан асты. Ендігі меже – 30 млрд долларға дейін көбейту. Бүгін осы мақсатта Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақ мәселелерін талқылады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Маңызды міндет – қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Үкіметі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және барлық салада ынтымақтастықты дамытуға дайын.
Михаил Мишустин, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы:
Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз. Біздің қарым-қатынасымыз достық, тату көршілік, өзара сыйластық және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген. Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қарым-қатынастарымызды одан әрі дамыту жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Екі ел үкіметтерінің міндеті — көшбасшыларымыз қол жеткізген келісімдердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету.
Қазақстан мен Ресей арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы да артып келеді. Былтыр 10 айда бұл көрсеткіш 5%-ға өсті. Енді біздің шаруаларға Ресейге ет өнімдерін кедергісіз экспорттауға мүмкіндік артады. Өнеркәсіп саласында да ілгерлеушілік бар. Құны 18,6 млрд долларға жететін бірлескен 99 жоба іске асырылды. Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау бағыты да жоғары қарқынмен дамып келеді.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
Беларусьқа, Ресей Федерациясы тиісті жүктерді Қазақстан арқылы Түркіменстан, ары қарай тасымалдау мәселесі тұр. Оған қоса су-көлік саласында да біраз ынтымақтастығымыз бар. Осы көліктік дәліз шеңберінде Ресейден келе жатқан жүктерге Ақтау, Құрғақ порттарын қолдану бар. Соның аясында біздің порттарда тереңдету жұмыстарын жүргіздік.
Самал Қабышева