Басты Жаңалықтар Сарапшы: Азаматтық қоғам ұйымдарының мүмкіндігін кеңейту керек

Сарапшы: Азаматтық қоғам ұйымдарының мүмкіндігін кеңейту керек

Азаматтық қоғам ұйымдарының мүмкіндігін одан әрі кеңейту маңызды. Алматыда өткен форумда бас қосқан бес елдің сарапшылары осылай деп отыр.

Жалпы, елімізде 23 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар ғылымнан бастап экологияға дейінгі кең ауқымды мәселелерді шешуге ат салысады. Мәселен, былтыр елімізде петиция институты құрылды. Бұл азаматтық қоғамға мемлекет істеріне қатысуына мүмкіндік беретін негізгі тетік деп атап өтті мамандар. 150-ден аса сарапшы қатысқан форумда цифрлық трансформация, климат өзгерісімен күрес, жастардың әл-ауқатын көтеру, әйелдердің құқықтарын кеңейту, зорлық-зомбылыққа жол бермеу секілді тақырыптар қозғалды.

Алешка Симич, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі:

Еуропалық одақ Орталық Азиямен қарым-қатынасын нығайтуға, сондай-ақ өңірлік тұрақтылықты, әлеуметтік инклюзивтілікті, орнықты дамуды қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар жастар мен әйелдердің болашағын қалыптастыруда белсенді рөл атқаруына мүмкіндік беру керек. Цифрлық трансформациядан климаттың өзгеруіне дейінгі заманымыздың ең өзекті мәселелерін шеше аламыз.

Айзада Құрманова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:

Азаматтық қоғамның дамуына да бұл форумның әсері мол. Бұл Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың дамуына ықпал етіп, азаматтық қоғамды халықаралық стандарттарға жақындатады. Бүгінгі таңда елімізде қабылданатын барлық шара азаматтық қоғамның өкілдерінің негізінде қабылданады.

Айдана Қуантхан

Бөлісу