Ресей 2026 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап жоғары білімнің Болон жүйесінен бас тартты. Енді жоғарғы оқу орындарында бұрынғыдай қос деңгейлі жүйе, яғни 4 жылдық бакалавриат, және 2 жылдық магистратура болмайды. Оның орнына кеңестік замандағы 5-6 жылғы оқуға оралу қарастырылған. Ал магистратураның орнына мамандандырылған жоғары оқу орны, 1-3 жылдық білім бағдарламасы енгізіледі. Енді ресейлік оқу орындары басқа елдегі әріптестерімен студент алмаса алмайды, толықтай жоғары білім беру бағдарламасы жаңартылады. Айта кетейік, Ресейде 60 мыңнан астам отандасымыз білім алуда.
Дмитрий Журавлев, сарапшы:
Бұрын Болон жүйесі арқылы Ресейде жоғары білім алған студенттер Еуропаға жұмысқа орналаса алатын, диплом өз құндылығын жоғалтпайтын. Бірақ 2022 жылдан бастап біздің дипломдар Батыс елдерінде жарамсыз. Сондықтан бұл жүйенің бізге берері жоқ. Бәрібір дипломдарымыздың Батыс, АҚШ-та көк тиын құны жоқ. Әрине, Ресейде бірден шетелдік студенттердің саны азаятыны түсінікті. Оның үстіне ескі жүйеге көшу үшін қыруар қаражат керек.
Индира Бегайдар