Орта Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің бюросы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орта Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің бюросы құрылды

07.10.2022

Орта Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің бюросы құрылды. Көрші елдердегі белді оқу орнының басшылары бүгін елордада бас қосты. Енді жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастығын арттырмақ ниетте. Биылдың өзінде шетелдік стипендиялық бағдарлама шеңберінде Орта Азия жастары үшін 186 грант бөлінген. Ендігі ортақ мақсат – Болон реформаларын ілгерілтеу арқылы, жоғары білім беру саласын жетілдіру, тәжірибе алмасу, студенттерге жағдай жасау. Сондай-ақ, шетелге шықпай-ақ әлемге танымал халықаралық университеттерде білім алудың мүмкіндігі артады. Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде олардың филиалын ашу жұмыстарын күшейтпек. Министр шетелдік университеттердің мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде басшыларға тікелей тапсырма берді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 5 шетелдік университеттің бөлімі ашылған.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Бізге алдымен ағылшын тілінде білім беру бағдарламасын жасақтау шарт. Екіншіден шетелде филиал ашу жұмыстарын күшейтуіміз керек. Қазірдің өзінде Қырғызстан мен Түркияда жеке бөлімдеріміз ашылды. Олардың санын арттыру қажет. Степендиялық бағдарламаларды жүйелеу керек. Одан соң студенттер тұратын жатақхана мәселесін реттеу керек.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу