Жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалады

30.04.2017

Мемлекет басшысының рухани жаңғыру жайындағы мақалада білім-ғылымның алдында тұрған міндеттерді айтылған. Солардың ең бастыларының бірі — қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Себебі, соңғы кездері гуманитарлық ғылымдардың беделі қатты түсіп кеткен. Сондықтан, саладағы түйткілдерді түбегейлі шешу керек. Ал, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге сапалы білім бермей, саналы маман дайындау екіталай. Күшті гуманитарлық ғылыммен сусындаған жастар қоғамды тануға, мәселелерді шешуге өз ықпалын тигізе алады. Сондықтан, алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалады. Аталған оқулықтар жастардың қолына келер оқу жылында тиюі тиіс. Елбасы ауқымды аударма жұмысымен айналысу мақсатында мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросы құрылуы керектігін айтты.

«Еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру керек» деген Елбасы, бізге тек инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді мамандар да ауадай қажет екенін ерекше ескертті.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу