Қазақстандық 9 университет әлемнің ең үздік ЖОО-дары қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық 9 университет әлемнің ең үздік ЖОО-дары қатарына кірді

15.09.2014
Қазақстандық 9 университет әлемнің ең үздік ЖОО-дары қатарына кірді

Қазақстанның 9 университеті әлемдегі ең үздік Жоғары оқу орындарының қатарына енді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

«Бүгінде QS рейтингісі бойынша біздің бір жоғары оқу орнымыз ТОР-300 тізіміне кіреді. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ал ТОР-400-ге Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті енеді», - деді Тахир Балықбаев.

Оның айтуынша, тағы 7 қазақстандық университет ТОР-800-ге тұрақтап отыр.

Вице-министрдің айтуынша, 2010 жылы Болон процесіне қол қойылып, Қазақстанда бірқатар ұстанымдар енгізілген болатын.

 

 

Хабарламаларға жазылу