Ертеңнен бастап пойыздарда интернет қосылады
Ертеңнен бастап пойыздарда интернет қосылады. Аталған қызмет әзірге «Астана – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында ғана қолжетімді. Демек жолаушылар енді жол бойы WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдаланып, видео көре алады. Алайда файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылады. Сондай-ақ пилоттық жоба аясында билетті жылдам тексеру үшін жолсеріктердің мобильді құрылғысы, вагондағы жағдайды бақылау үшін бейнебақылау жүйесі сынды бірқатар заманауи технологияны сынақтан өткізу көзделіп отыр.
Мұрат Төрегелдин, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары:
Бұл пилоттық жобаның ең басты мақсаты – ғаламтордың жылдамдығын, сапасын тексеру. Өйткені біздің ойымызда бар, егер де бұл жоба сәтті өтсе, онда біз әрбір жолаушылар пойызына интернет қосамыз.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58