Көкшетауда дәрігерге күш көрсеткен ерлі-зайыпты жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Көкшетауда дәрігерге күш көрсеткен ерлі-зайыпты жауапқа тартылды

Көкшетауда дәрігерге күш көрсеткен ерлі-зайыпты жауапқа тартылды

Көкшетауда облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне сес көрсетіп, шу көтерген ата-ана жауапқа тартылды.

Естеріңізге салайық, баласының үш саусағына ампутация жасалғанына наразы болған әке-шешесі жансақтау бөлімінің есігін бұзып кіріп, травматолог пен анестезиологқа күш көрсеткен еді. Сот оларды кінәлі деп танып, анасына 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды. Ал әкесін 2 тәулікке қамауға шешім шығарды.

Бибінұр Әмірханқызы

Бөлісу