Өзбекстанда «Жасыл кәсіпкер» платформасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда «Жасыл кәсіпкер» платформасы іске қосылады

22.01.2025

Өзбекстанда «Жасыл кәсіпкер» платформасы іске қосылмақ. Мұндай мәртебеге ие болған бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіліп, тексеруден босатылады.

Аталған жобаға қатысушылар Өзбекстандағы құнды ландшафттарды қорғау мен қалпына келтіруге атсалысуы тиіс. Экожүйені сақтау, ол үшін инновациялық тәсілдерді қолдану да маңызды. Ерекше жобаға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ұйытқы болған. Жаһандық экологиялық қордан 6,5 миллион доллар көлемінде грант бөлінеді. Сәтті жүзеге асса, 200 мың гектардай орман қоры сақталады. Осылайша экожүйені қалпына келтіру көзделген. Биылғы жыл Өзбекстанда «Қоршаған ортаны қорғау және жасыл экономика жылы» деп жарияланды.

Акико Фудзии, БҰҰ Даму бағдарламасының Өзбекстандағы тұрақты өкілі:

Өзбекстан өсімдік пен жануарлар әлеміне бай, бірегей экожүйені қорғау және қалпына келтіру үшін маңызды қадам жасап отыр. Біз бұл іске қолдау білдіреміз. Ел үкіметі, халықаралық ұйымдар мен қарапайым азаматтар бірлесе отырып, қолға алған бастаманың нәтиже береріне сенімдіміз.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу