Ресей келіссөздер жүргізуден бас тартса, санкция салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей келіссөздер жүргізуден бас тартса, санкция салынуы мүмкін

22.01.2025

Ресей Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізуден бас тартса, АҚШ санкция салуы мүмкін. Ақ үй басшысы Дональд Трамп тараптарды бітім жасату үшін осындай қадамға баруы ықтимал екенін айтты. Бірақ нақты қандай шара қолданатынын ашып айтқан жоқ. Сондай-ақ, Трамп ЕуроОдақтың Украинаға жеткілікті қолдау көрсетпей отырғанын сынға алды.

Дональд Трамп АҚШ президенті:

Біз Зеленскиймен сөйлесіп жатырмыз. Көп ұзамай президент Путинмен сөйлесеміз. Жақын арада бұл мәселемен айналысамыз. Бірақ бір нәрсе анық: ЕуроОдақ өз үлесін әлдеқайда арттыруы керек. Байденнің кезінде біз $200 миллиардтан артық қаражат жұмсадық. Бұл соғыс оларға бізден гөрі көбірек әсер етеді. Өйткені біз мұхиттың арғы жағында жатырмыз. Сондықтан ЕуроОдақ қолдауын теңестіруі керек.


Хабарламаларға жазылу