Елордада 719 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 719 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды

08.02.2021

Елордада 1 апта ішінде 719 медицина қызметкері вакцина қабылдады. Жоспар бойынша 900-ден аса адамға екпе салынуы тиіс еді. Олардың бесеуі өз еркімен бас тартса, қалғанына денсаулығына байланысты рұқсат берілмеген.

Вакцина салдыру қаладағы 5 емханада жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта тағы 36 медициналық ұйымда санитарлық нормаларға сай ем-шара бөлмелері ашылады. Бүгінде қоймада коронавирусқа қарсы вакцинаның 1500-ден аса дозасы бар. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Айта кетейік, ақпан айында 2030 медицина қызметкеріне екпе егу жоспарланып отыр.

Елена Ковзель, UMS Клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі:
Полиэтиленгликоль деген аллергиялық реакция шақыратын биологиялық зат. Ол Pfizer, AstraZeneca вакциналарының құрамында бар. Яғни кейбір адамдарға жанама әсері болуы мүмкін. Ал біздің елімізде салынып жатқан «Спутник V» вакцинасында полиэтиленгликоль жоқ. Сондықтан ешкімге кері әсері болмайды деп ойлаймын. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу