Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Себебі жыл басынан бері, яғни бар болғаны екі аптадай уақыт аралығында 6 жасөспірім есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінген. Мысалға, Астанада 16 жастағы екі студент ұсталып, біреуінен аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді. Қарағанды облысында 9-10 сыныпта оқитын екі жасөспірім есірткі тарататын Telegram-арнаға сілтемесі бар жапсырмаларды таратумен айналысқан. Былтыр есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар кәмелетке толмаған 61 жасөспірім анықталды.
Қуандық Әлжанов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен есірткінің зияны туралы сөйлесіп, заңсыз әрекет үшін жауапкершілік барын түсіндіріңіздер. Олар заңсыз әрекетке тартылса, сіздерге айтуға қорықпауы керек. Балалардың араласу ортасын, олар пайдалатын интернет-ресурстарды қадағалаңыздар. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын еске саламыз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29