Ақтөбедегі балабақшадағы тамақтан құрт шыққан
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы балабақшалардың бірінде балаларға берілген тамақтың ішінен құрт шықты.
Әлеуметтік желіде тараған бейнетүсірілімнен ботқаның ішінде жүрген жәндіктерді анық көруге болады. Оны алдымен тәрбиешілер көрген. Оқиғаны облыстық Білім басқармасының басшылығы да растады. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Мектепке дейінгі ұйымға тамақ жеткізумен айналысатын жеке кәсіпкер де жауап беруі тиіс. Алайда сұлы жармасының жарамдылық мерзімі өтпеген. Аудан орталығындағы бұл балабақшаға 210 тәрбиеленуші барады.
Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облыстық Білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
Сол арада таңғы ас беру бірден тоқтатылған. Қазіргі таңда облыстық Білім басқармасының тарапынан зерделеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі күнге балабақшаның меңгерушісі, медбикесі және бас аспаз жұмыстан босатылды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда алғашқы заманауи өнер мұражайы ашылды
10.09.2025, 10:29

Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталмақ
10.09.2025, 10:28
Импортқа тәуелділікті азайту – стратегиялық міндет
10.09.2025, 10:26
Жолдау: Президент транзиттік тасымал көлемін арттыруды тапсырды
10.09.2025, 10:25
«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
10.09.2025, 10:23
Цифрлық штаб жолдауды орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
10.09.2025, 10:21
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
10.09.2025, 10:20
Израильдің соққысынан Дохада «Хамастың» 5 мүшесі мерт болды
10.09.2025, 10:18