Бельгияда зейнетақы реформасына қарсы жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр
Бельгиялықтар бүгін жұмысты қойып, жаппай шеруге шықты. Халық үкіметтің жаңадан қабылданатын зейнетақы реформасына наразылық білдіріп жатыр. Жаңа өзгертулерге сәйкес, зейнетке шығу жасы ұлғайтылып, зейнетақы жұмыс өтіліне байланысты тағайындалуы мүмкін.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Ереуілге негізінен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысып жатыр. Мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік сала мамандары, өрт сөндірушілер, әскерилер елдің түкпір түкпірінен жиналуда. Кәсіподақ ұйымы өкілдерінің мәліметінше, 10 мыңнан астам адам қатысады, деп күтілуде. 30 мыңға жуық ұстаз жұмысқа шықпағандықтан, бүгін елдің Фландрия аймағындағы мектептерде сабақ болмады. Брюссельде қоғамдық көлік сирек жүріп тұр. Себебі, жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компанияның жүргізушілері де осы жерде. Шерушілер жаңадан жасақталатын үкіметтің зейнетақы жүйесін реформалауына қарсы. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамын.
Бартс Терю, әлеуметтік қызметкер:
Сайлаудан жеті ай өтті, жеңіске жеткен партия коалиция құра алмай, үкімет жасақтай алмай отыр. Бірақ, билікке келісімен 3 млрд еуро бюджет шығынын зейнетақының есебінен қысқартпақ.
Лаэс Ванкорт, мұғалім:
Зейнетақымызды қысқартып, өмір бойы еткен еңбегімізді еш қылмақ. Зейнет жасын 67-ге ұзартпақ, сұмдық. Бюджетке ақша жетпесе, байлардан салық ұстасын, бізге тиіспесін.
Наразылық акциясына Брюссель әуежайының қызметкерлері де қатысып жатқандықтан, бүгін әуежайдан ұшатын Еуропалық рейстердің
40 пайызы кейінге шегеріліп, 13 мыңнан астам жолаушы жолынан қалды. Шарлеруа әуежайында да түскі он екіден бастап барлық рейстер тоқтады. Бұл текетірестің басы-деген шерушілер үкімет жанайқайларына құлақ түрмесе, ереуілді күшейтеміз деп отыр.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58