Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсті


Елімізде зейнетақы 8,5, жәрдемақы 6,5 пайызға өсті. Ресми дерекке сәйкес, базалық зейнетақы 32 мың теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 мың теңгеге жетті. Бұдан бөлек, 1 қаңтардан бастап I топтағы мүгедектігі бар адамдарға 101 мың 702 теңге төленеді. Ал II топтағыларға 81 мың 362 теңге, III топтағылар 55 мың 474 теңге алады.

Министрліктің мәліметінше, енді 3 балаға дейін туғандарға 149 мың теңге, ал 4 және одан да көп бала туған аналарға 247 мың теңге бірреттік сыйақы беріледі. Ал 4 баласы бар отбасы енді ай сайын 60 мың теңге, 7 бала тәрбиелеп отырғандар 110 мың теңге алады.

Асқар Аймағамбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тиісті әлеуметтік төлемдерге 6 трлн қаражат қарастырылып отыр. Зейнетақы төлемдеріне 2,5 млн зейнетақы алушыларымыз бар, қалған 2 млн-нан астам мүгедектігіне байланысты, асырап алушысынан айырылғандарға, көпбалалы аналарға бөлінетін төлемдер.

Бұдан бөлек, қыркүйек айында шәкіртақы да 15-20 пайызға көбеймек. Биыл тек ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалды. Ол қазір 85 мың теңге. Экономист мұны бірқатар себеппен байланыстырады.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Бюджеттің өткен жылғы табысы өте төмен болды да, 3 трлн-ға жуық ақша түспей қалды, сондықтан ең кіші жалақы өзгермеді. Бірақ кәсіпкерлер жалақыға қарамастан, өздерінің жалақысын көтере беруі мүмкін, ал бюджеттегілер бірқалыпты қалады деп есептейміз. Сондықтан біз бюджеттің табысын көбейтуіміз керек.

Аида Ахметбек


Бөлісу