Ірі жол-көлік апаты болған Астана-Щучинск тас жолынан 95 автокөліктің барлығы шығарылды. Апат салдары жойылып, қисық білеу қалыпқа келтірілді. Жол қызметі мамандары жолды толықтай тазалады. Астана бағытындағы тас жол бүгінде ашылып, көлік қозғалысы жанданды. Ақмола облысының полицейлері қолайсыз ауа райына және жаппай жол-көлік оқиғасына байланысты республикалық трассаларда автоколонналарды алып жүруді қамтамасыз етіп жатыр. Кешеден бері шамамен 4000 автокөлік полиция сүйемелдеуімен жүріп өтті.
Кеше Астана – Петропавл республикалық тас жолында 95 автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болған еді. Апаттан 20 адам зардап шегіп, Бурабай, Бұланды, Ақкөл аудандарындағы ауруханаларға жеткізілді.
Бибінұр Әмірханқызы