Бердібек Соқпақбаевтың кітабы серб тілінде жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Бердібек Соқпақбаевтың кітабы серб тілінде жарық көрді

Бердібек Соқпақбаевтың кітабы серб тілінде жарық көрді

Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі серб тіліне аударылды. Жазушының 100 жылдық мерейтойына орай басылып шыққан кітапты еліміздің Сербиядағы елшілігі Белградтағы балалар кітапханасында көпшілікке таныстырды. Дипломаттар жиналғандарға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндады. Кітапхана қызметкерлері балаларға ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан жазушының өмірбаяндық әңгімесінен үзінділер оқыды. Балғындарды еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа баулитын туынды оқырманның жоғары бағасын алды. Кітаптың жүздеген данасы жақын күндері Сербияның кітапханалары мен мектептеріне таратылады.

Виолета Джорджевич, Белград қалалық балалар кітапханасының бөлім басшысы:

Біз Қазақстан елшілігімен ынтымақтасу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Осы кітап арқылы балаларымыз, оқырмандарымыз Қазақстанның мәдениетімен,салт дәстүрлерімен таныса алады.

Весна Филипович, аудармашы:

Мен үшін қазақтың атақты жазушының кітабын серб тіліне аудару үлкен құрмет. Былтыр Қазақстан елшілігімен бірігіп қазақ ертегілерін аударғанбыз. Енді, осы кітап та оқырманның жүрегінен үлкен орын алады деген сенімдемін. Қазақ әдебиеті Сербияда әлі жақсы таныс емес. Біз осы олқылықтың орнын толтырып, қазақ жазушыларының шығармаларын серб тіліне көптеп аударуға тырысамыз.

Нұрсұлу Қасым



Бөлісу