Талдықорғанда ұлттық құндылықтарды дәріптейтін байқау өтті
Талдықорғанда алғаш рет «Асқар тау әке-зерек бала» және «Дана ене-үздік келін» атты отбасылық байқау өтті.
Облыстық байқауға өңірдің екі қаласы мен сегіз ауданынан келген әкесі мен баласы, енесі мен келіні өз өнерлерін паш етіп, түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді.
Түрлі ас мәзірін дайындап, үйден жасап әкелген бұйымдарын жұрт назарына ұсынды. Шараның мақсаты ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттау. Әке мен баланың, ене мен келіннің қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеріп, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Раушан Рысқұлова, Көктал ауылының тұрғыны:
Ене мен келін арасындағы сыйластық. Үлкенді құрметтеу, дәріптеу, ізет көрсету. Келін жаңа түскен кезде ененің келінге үйрететін парызы. Ол түсіндірілген жағдайда ондай босағада ұрыс-керіс, жанжал болмайды. Әдепті құрметті, сыпайы, ізетті отбасы шығады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58