«Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі

18.12.2024

Диснейдің алтын классикасына енген тағы бір әлемдік туынды қазақша сөйледі. Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті. Премьераға дубляж саласының мамандары, актерлер мен қоғам қайраткерлері келді. Африканың саваннасындағы шытырман оқиғаны баяндайтын фильмді Дисней компаниясы өз қаражатына аударған. Тың бастамаға «Қазақ тілі» қоғамы ұйытқы болды.

Бұл фильм адасып, жетім қалған Муфасаның ұлы әрі дана көшбасшыға айналу жолын көрсетеді. Фильм соңында арыстан патша тек күш-қайратымен емес, мейірімділігімен көрерменнің есінде қалады. Фильмдегі басты кейіпкерді танымал дубляж актері - Ерасыл Мұхамадиев дыбыстады.

Ерасыл Мұхамадиев, дубляж актері:

«Диснейдің» туындыларының басты рөлін сомдау тәжірибемде бірінші рет болды. Өзіме қатты ұнады. Кастингтен осы кейіпкерге өттің дегенде мен қуана дыбыстап шықтым. Біз мәтін аударылған кезде дыбыстау барысында өзіміздің тілімізге адаптация жасаймыз, жергілікті әзілдер, трендтер, актуалды тақырыптар болды. Соны өзімізге, сөйлеу мәнерімізге ыңғайлап аударамыз. Жақында барлық кинотеатрдан көре аласыздар.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу