ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада дүниежүзілік «Опералия» байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада дүниежүзілік «Опералия» байқауы өтеді

24.07.2017

Дүбірлі додаға әйгілі опера әншісі, дирижер және байқаудың негізін қалаған Пласидо Домингоның өзі жетекшілік етеді. Байқау 24-29 шілде аралығында үш кезең бойынша өтпек. Қатысушылар әлемдік опера классикасынан өздері таңдап алған арияларды орындайды. Алғаш рет әйгілі «Гранд опера» сахнасынан бастау алған сайыс осымен 25-ші рет өткізілмекші. Осы аралықта байқау талай опера жұлдызының бағын ашты. Үлкен өнерге жолдама берді. Бүгінге дейін Миландағы «Ла Скала», Лондондағы «Ковент-Гарден» секілді үлкен сахналарда ғана ұйымдастырылған конкурстың «Астана Опера» театрында өтуі үлкен мәртебе. Байқаудың жалпы жүлде қоры 180 мың АҚШ доллары деп белгіленген.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу