«ЭКСПО-2017»: Аньхой провинциясының апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»: Аньхой провинциясының апталығы басталды

28.08.2017

Қытайдың Аньхой провинциясы мен Қазақстан арасындағы әріптестікті дамыту. Аталған аймақтың энергетикалық және ауылшаруашылық әлеуеті. Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Қытай павильонында Аньхой провинциясының апталығы басталды. Шараның ресми ашылуында қытайлық өнерпаздар мерекелік бағдарлама ұсынып, провинцияның ресми делегация өкілдері сөз сөйледі. Осылайша, апта бойы Аньхой провинциясы таныстырылады және де Қазақстан мен Қытай арасындағы бірнеше маңызды кездесу жоспарланған.

Айта кету керек, Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Қытай өзінің 26 провинциясы мен ірі қалаларының апталықтарын өткізді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу