Ресейдің бірнеше өңірінде қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің бірнеше өңірінде қалың қар жауды

10.05.2024

Ресейдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, кей аймақтара төтенше жағдай режимі енгізілді. Мәселен, Свердлов облысына 20 жылда жаумаған қалың қар түсті. Мұнда бір тәулік ішінде айлық жауын-шашын нормасының жартысы жауған. Салдарынан, 24 елдімекенде 74 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Екатеринбургте бір тәулікте 40 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ленинград облысында да, қалың қардың салдарынан жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді. Ел астанасы Мәскеуде де екі күн қатарынан күн күрт суытып, қар жауды.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу