Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қатардың бірқатар инвесторларымен кездесті. Алдымен Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады. Әңгіме барысында елімізде энергетика, телекоммуникация салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жолдары қарастырылды. Қазір компания Қызылорда облысында бу-газ қондырғысын салу және облысаралық электр желілерін тарту жобалары бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі тарапынан қатарлық инвесторға қолайлы жағдай жасалатынынын, барлық жұмысты нәтижелі орындаудың маңызын атап өтті.
Бұдан бөлек, Президент Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджриді қабылдады. Кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Семей гидроэлектростанциясының құрылысына қатысты бірлескен жобаның, Астана мен Доханың ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтудағы ролін жоғара бағалады. Мұхаммед Нассер Әл-Хаджри өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірлескен жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері жөнінде мәлімет беріп, «жасыл» энергетика саласындағы Қазақстанның әлеуеті зор екенін айтты.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-қазына» АҚ Басқарма төрағасы
PIH компаниясы «Самұрық- қазына» еншілес компанияларымен бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асыруда. Олардың арасында «Қазақ-Газ» еншілес компаниясымен екі газ құбыры және екі газ өңдеу зауыттары. Бірінші газ құбыры Ақтөбе- Қостанай қаласына дейін, екінші Бейнеу- Бозой- Шымкент газ құбырының екінші тармағы. Екі жобаны 2026 жылы іске қосатын боламыз.
Серік Жұмабек