Әуежайдағы еңбек адамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуежайдағы еңбек адамы

19.11.2024

Ұшақтардың ұшып-қонуы мен оларға қызмет көрсету жұмыстарының уақытылы атқарылуына өндірістік-диспетчер жауапты. Дәл осы маман жұмысымен әріптесім жақынырақ танысып қайтты.

Әлихан Оралтайұлы өндірістік-диспетчер қызметте 36 жыл бойы еңбек етеді. Ол әуе кемелерінің тұрақ жайын реттеп, жолаушылар қолданатын таблоға өзекті ақпарат енгізеді.

Әлихан Оралтайұлы, өндірістік диспетчер:

Қызметке бүкіл әлемнен ақпарат келеді. Сосын ақпарат келсе, мына компьтерге саламыз. Сосын компьютер анау таблоға көрсетеді. Арнайы қызметке ақпарат береміз. Қашан ұшақ келеді, қашан кетеді, қай тұрақтан шығады. Соның бәрін қадағалаймыз.

Өндірістік диспетчер әуежай жұмысының ағымдағы жағдайын бақылайды. Жаңа ақпарат білген жайда әуежайдағы басқа қызметкерлерді бірден хабардар етеді.

Ерболат Қасымұлы, әуежайдың жедел ауысым басшысы:

Диспетчер басқа да авиакомпаниялармен, басқа қаланың әуежайларымен хабарласып, ортадағы  байланысты тіркеп, рейстерге уақытылы тез арада қызмет көрсетілуі үшін біздің басқа қызметкерлерге ақпарат жеткізіп отырады.
– Тексердім. Сосын, жігіттер, тезірек-тезірек қимылдаңдар. Ұшақты ангарларға кіргізейік.
– Әлихан Оралтайұлы, ақпарат қабылданды. Қазір іске кірісеміз 00:07.

Түрлі қызметті бір сәтте бақылап отыратын диспетчерлік бөлімді «әуежайдың миы» деп атайды. Себебі әуежайдың қолайлы жұмысын осы бөлімдегі диспетчер мамандар қамтамасыз етеді.

Темірлан Нұржанұлы


Хабарламаларға жазылу