Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы әлемнің үздік бес құрамасының қатарына енді. Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов және Вадим Шарлаимовтан құралған команда биыл халықаралық турнирлерде мықты өнер көрсетті. Сөйтіп олар әлемдік рейтингте 4-ші орынға көтерілді. Спортшылар Азия чемпионатының финалдық кезеңінде әлем рейтингінің көшбасшысы жапондықтарды жеңіп, Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды. Қазір ел құрамасының қоржынында 266 ұпай бар. Бұл тізімде Жапония кұрамасы көш бастап келеді, олардың еншісінде – 388 ұпай. Биылғы жарыстарда 344 ұпай жинаған Венгрия құрамасы 2-ші орында. Ал 332 ұпаймен Франция үздік үштікті түйіндеп тұр.
Қаракөз Тұрмағанбет