Д.Сәдуақасова әлемнің ең үздік 10 шахматшысының қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Сәдуақасова әлемнің ең үздік 10 шахматшысының қатарына кірді

23.12.2019

Еліміздің мақтанышы Динара Сәдуақасова әлемдегі ең үздік 10 шахматшы әйелдің қатарына енді. Бұл туралы Қазақстанның шахмат федерациясы хабарлады.

Үздіктерді анықтайтын 2700 chess.com порталының онлайн рейтингінде қазақстандық шахматшы тоғызыншы орынға тұрақтаған. Ал, тізімнің басында қос бірдей қытайлық спортшы Хой Ифань мен Чжу Венчжун болса, үздік үштікті үндістандық Хампи Конеру түйіндеп тұр. Айта кетейік, 23 жастағы Динара Сәдуақасова – еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы. Биыл жазда Азия чемпионатын да ұтып алған. Сондай-ақ, халықаралық шахмат федерациясының рейтингінде 2500 баллдық көрсеткішті бағындырған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу