Прагада қазақ ертегілері чех тілінде жарық көрді
Қазақ ертегілері чех тілінде жарық көрді. Прагадағы Петршин қалалық кітапханасында «Қазақ даласының ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті. Жинаққа Ер Төстік батырдың ерлігі, Алдар Көсенің халыққа қамқорлығы сынды қазақ фольклорының танымал кейіпкерлері енгізілген. Қиял-ғажайыпқа толы оқиғалар топтамасын балғындар қуана қабылдады. Шарада «Шырақ» анимациялық фильмі көрсетіліп, викториналық ойындар ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан балаларға чех тіліндегі қазақ ертегілері сыйға тартылды.
Якуб Старек, Праганың 6-муниципалды ауданының басшысы:
Бұл ертегілер – жәй әңгіме емес. Бұл біз үшін Қазақстан мәдениеті, сондай-ақ қазақтардың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі, өркениеті туралы көбірек білуге мүмкіндік. Осындай мәдени жобалар халықтар арасындағы қарым-қатынасты күшейтетіні сөзсіз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Astana Think Tank» халықаралық форумы басталды
15.10.2025, 13:19

Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
15.10.2025, 13:16
Венесуэлада алтын шахтасында 14 адам қаза тапты
15.10.2025, 13:14
Семей қаласының жаңа әкімі таныстырылды
15.10.2025, 13:12
Жетісу облысын ауызсумен қамтуға 480 млн теңге бөлінді
15.10.2025, 13:10
АҚШ-та шатдаун кезінде 4 мыңнан аса мемқызметкер қысқартылды
15.10.2025, 13:08
Түркітілдес азаматтар Түркияда жеңілдік алды
15.10.2025, 13:06
Қазақстан тарабы америкалық инвесторлармен кездесті
15.10.2025, 13:04