Жалға берілген пәтерді қалай жекешелендіруге болады ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалға берілген пәтерді қалай жекешелендіруге болады ?

08.11.2024

«Нұрлы жер» бағдарламасымен жалға берілген пәтерді қалай жекешелендіруге болады? Бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өзгерістер мен толықтырулар енгізген тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасында көрсетілген. Сатып алу құқығынсыз жалға алған пәтерді, енді қалдық құны бойынша сатып ала алады. Мысалы, 2019 жылы пәтер құны 8 миллион теңге болса, 5 жылдан кейін жалға алушылар оны 7 миллион 200 мың теңгеге сатып ала алады. Яғни 10 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Министрлік мәліметінше, 2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 51 мың пәтер салынып, пайдалануға берілген. Мұндай пәтерлерді ондаған мың отбасы жалдап тұрады. Парламент мақұлдаған заң қазір Президенттің қол қоюында жатыр. Ескеретін жәйт: жекешелендіру құқығы тек әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар мен апатты үйдің тұрғындарына берілетін мүмкіндік.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу