Басты Жаңалықтар Израильдің шабуылынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты

Израильдің шабуылынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты

Ал, Ливанда Израильдің шабуылдарынан қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты. Ал жараланғандар мыңнан асып кеткен. Мұны осы елдің төтенше жағдайлар комитетінің үйлестірушісі Насер Ясин мәлімдеді. Израиль Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла»  қарулы тобының позицияларын қыркүйектің 23-де бомбалауға кірісіп, кейін көрші елге жаяу әскер кіргізді. Бұл операцияның мақсаты - еврей мемлекетінің солтүстігіне былтыр қазаннан бері мыңдаған зымыран атқан «Хезболланы» күйрету. Айта кетсек, «Хезболла»  Израильмен соғысып жатқан «Хамасқа» көмектесу мақсатында қазір де Израильге ракеталық шабуыл жасап жатыр.

Арыстан Рысбек

Бөлісу