Францияның 34 департаментінде дауылға байланысты қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Ел аумағына атлантикалық «Кирк» дауылы жақындап қалған. Жел сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соғып, күшті нөсер жауып тұр. Тіптен кей өңірлерде жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен. Су тасқыны жүріп, сел көшуі ықтимал. Билік тұрғындарға көлік қозғалысы қиындап, электр жарығы өшуі мүмкін екенін ескертті.
Арай Төлегенқызы