Австралияның шығыс жағалауында жауынның 1 айлық мөлшері жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның шығыс жағалауында жауынның 1 айлық мөлшері жауды

07.04.2022

5 миллион тұрғыны бар Сидней қаласында үздіксіз нөсерден көшелер өзенге айналған. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілмек. Ауа райын бақылаушылардың болжамынша, жаңбыр тоқтамастан күні-түні жаууы мүмкін. Демек, алдағы 24 сағатта қайта тасқын жүруі мүмкін деген қауіп сейілген жоқ. Жергілікті билік тұрғындарға далаға шықпауды және эвакуациялануға дайындалуды ескертті.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу