Өскеменде екі күнде бір айлық мөлшердегі қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде екі күнде бір айлық мөлшердегі қар жауды

06.12.2023

Өскемен қаласын қар басып қалды. Қазгидромет орталығының мамандары өңірде соңғы үш тәулікте 1 айлық мөлшерге жуық қар жауғанын жеткізді. Қаланың тазалығына жауапты коммуналдық мекемелер кешеден бері тәуліктік кестемен жұмыс істесе де үлгермей жатыр. Жаңбыр аралас қарды алу үшін барлық арнайы ауыр техниканы жұмылдырған. Бүгінге дейін 20 мың текше метрден астам қар шығарылды. Ауа райын болжау орталығы шығыста аптаның соңында қатты аяз болатынын хабарлады. Сондықтан бүгін-ертең қаланы қардан толық тазалап үлгеру керек.

Схат Тәженов, «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесінің директоры:

Көше тазалауға 116 техника шықты. Онымен қоса 180 адам шықты. Жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Бір сағат бұрын қар тоқтады. Кеше күні бойы, бүгін түні бойы қар жауды. Тазалау жұмыстарын әлі ұйымдастырып жатырмыз.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу