Нұр-Сұлтанда бір түнде жауын-шашынның жарты айлық мөлшері жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда бір түнде жауын-шашынның жарты айлық мөлшері жауды

16.06.2020

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше көшеде су жиналып, көлік қозғалысы қиындаған. Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмысқа көшіп, суды сору үшін 100 техника тартылды. Қазір елордада жауын басылғанымен, ертең тағы жауады деп болжанып отыр.  

Ал еліміздің шығысында табиғат тіптен тосын мінез танытты. Кеше Күршім ауданында қар түсті. Жазда жауған ақұлпаны жұрт бірден телефонына түсіріп, жарыса жариялап жатыр. Ал «Казгидромет» мамандары қар жауатынын алдын ала болжап үлгермеген. Мамандардың айтуынша, бұл ауа ағымдарының тез алмасуы салдарынан туындаған құбылыс.

Ал шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласында қатты дауыл соғып, қаладағы жарық өшіп қалған. Ғимараттардың шатыры ұшып, ағаштар құлаған. Қазір электр жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Адамдар зардап шекпеген. Шығын есептелуде.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу