Жетісу облысында Еңбек Ері таңдау жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында Еңбек Ері таңдау жасады

06.10.2024

Жетісу облысында Еңбек Ері Күләш Айтжанова жалпыұлттық референдумға қатысып, таңдауын жасады. Саналы ғұмырын өңірдің ауылшаруашылығы саласына арнаған ардагер мемлекет болашағын айқындайтын мұндай шараларда әрдайым белсенділік танытып жүреді.

Күләш Айтжанова, Еңбек Ері:

Бүгін бір үлкен мереке деп есептеймін. Істерің оң болсын. Қай уақытта болса да Қазақстанның іргесі аман болып, болашағымыз бақытты болып, бала-шағамыз аман-есен болып, осы Қазақстанның қызығын көрсін.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу