Балабақша қызметкерлері ұжым болып таңдау жасады
Ақтөбе облысында 530 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін халықтың негізгі бөлігі өз таңдауларын жасап үлгерді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қазір мен Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылында тұрмын. Елді мекендегі халықтың белсенділігі жоғары. Тұрғындар бұл күнді мерекеге айналдырған. Мәдениет үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен концерт өтіп жатыр. Отбасымен және ұжымымен келіп дауыс беріп жатқандар көп. Солардың бірі қазір менің жанымда тұрған балабақша ұжымы. Байқауымша, сіздер өз таңдауларыңызды жасап шыққан секілдісіздер. Ауыл халқы әр кезде осылай белсенді ме?
Жадыра Ақылбекқызы, балабақша қызметкері:
Иә, осылай әрқашан белсенді. Бүгін халықтық референдум өтіп жатыр. Біз ауылдағы «Айым» балабақшасы, бір ауыздан, ауызбіршілікпен келіп өз таңдауымызды жасадық. Еліміз аман, балаларымыздың болашағы жарқын болсын!
Маржанбұлақ 3 700 халқы бар үлкен ауыл. Сондықтан тұрғындардың референдум учаскесіне қиналмай жетуі үшін кәсіпкерлердің бірі өз автокөлігімен тегін тасымал ұйымдастырған. Оған әсіресе, зейнеткерлер дән риза.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
М.Әшімбаев: Дін көшбасшыларының съезі – өркениетаралық диалогтың жаһандық форматы
16.09.2025, 14:03

Биыл 7 млн тонна астық жиналады
16.09.2025, 14:00
Хорватияда Загреб бозкілеміне тартыс өтіп жатыр
16.09.2025, 10:31
«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды
16.09.2025, 10:24
Әкімдерге ескерту жасалды
16.09.2025, 10:20
Дохада төтенше Араб-Ислам саммиті өтті
16.09.2025, 10:18
Футбол командаларын жекешелендіру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
16.09.2025, 10:15
Бокстан тарихи жеңіс сыйлаған қыздарымыз елге оралды
16.09.2025, 10:14