Референдум қорытындысы бойынша көпшілік АЭС салуды қолдаса, оның құрылысын қай ел жүргізеді? Мемлекет басшысы осы сұраққа жауап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елордада өз таңдауын жасады.
Астанадағы №211 референдум учаскесі. Мұнда 2 379 дауыс беруші тіркелген. Олардың қатарында Президент те бар. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Қасым-Жомарт Тоқаев ерте келгенімен, кезегін күтуге тура келді.
Президент тұрғындармен сөйлесіп, естелікке суретке де түсті.
Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер сұрағына жауап берді. Референдум демократияның тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сұрақ Референдумнан не күтесіз? - Бүгін тағдыршешті ойға келешекте осындай оқиғалар неғұрлым көп болса біздің халқымыз үшін, еліміз соғұрлым жақсы болады деп ойлаймын. Себебі халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс беру керек. Сондықтан мен референдумды қолдаймын. Халық қолдап дауыс берген жағдайда, атом электр станциясын кім салады, қай елге құрылысы сеніп тапсырылады? Көптің көкейінде жүрген сұрақтың бірі осы. Президенттің пікірінше, халықаралық консорциум, яғни ірі компаниялар бірігіп істегені жөн.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет.
Брифинг барысында өзге де тақырыптар қозғалды. Президент көктемдегі алапат су тасқынынан кейін тиісті қорытындылар шығарылғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мұндай табиғат апаты бүкіл жер шарында болып жатқанына баса мән беруіміз керек. Жақында ғана Орталық Еуропада алапат тасқын болды. Оның алдында АҚШ пен Вьетнамда дауыл соқты. Сондықтан мұндай апаттарды алдын ала болжау қиын. Дегенмен ондай жағдайға дайын болып, қажетті шаралар қабылдау маңызды. Қазақстан ешкімнің көмегінсіз тасқынның салдарын еңсере алды. Мұны ашық айту керек. Біз адам және қаржы ресурстарын осы іске жұмылдырдық. Үкімет пен әкімдер белсенді жұмыс істеді. Оның нәтижесін көріп отырсыздар. Алапат тасқын кезінде зардап шеккен азаматтар жаңа баспанамен қамтылды. Мен бұған дейін ешкім назардан тыс қалмайды деп уәде бердім. Жалпы алғанда, біз бұл мақсатты орындадық.
Білімді жастар мен мұғалімдерді қолдау күшеймек. Халықаралық додаларда жеңіске жеткен жастарға көп көңіл бөлінеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Ол жәй ұран емес. Бұл – біздің басты саясатымыз. Сондықтан келешекте де біз жастарды қолдаймыз. Оларға жәрдем береміз. Әсіресе, дарынды жастарды қолдауымыз керек. Кеше ғана мұғалімдерге, ұстаздарға марапат табыстадым. Өз сөзімде мұғалімдер бұл қоғамымыздың озық тұлғалары екенін айттым. Олар дарынды жастарға білім беріп жатыр. Сондықтан жастарды да, оларды оқытып жатқан мұғалімдерді де мемлекет қолдайды. Сонымен қатар мен кеше ғана ұстаздар қоғамымыздың басты кейіпкері болуы керек екенін айттым. Сондықтан оларға жәрдем беріп, ұстаздардың беделін, қоғамдағы мәртебесін көтереміз.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Үкіметтің жұмысына қатысты өз ойын айтты. Министрлердің жұмысында кемшін кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін, деді.
«Жеті ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керектігін айтты. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу», деді Мемлекет басшысы.
Шерхан Жамбылұлы