Жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады
Жаңа жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері көтеріледі. Өйткені айлық есептік көрсеткіш көлемі 3600 емес, 3900 теңге болады. Бұл туралы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында жазылған. Яғни 1 қаңтардан бастап айлық есіптік көрсеткіш көтерілсе, жәрдемақы мен айыппұлдардың мөлшері де артады деген сөз. Мәселен мүмкіндігі шектеулі жандар мен асыраушысынан айырылғандарға және жұмыссыздарға төленетін ақы 6,5 пайызға көтеріледі. Ал зейнетақы көлемі 8,5 процентке артпақ. Ал ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалады. Ол қазір 85 мың теңге.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Технологияға қаржы бөлу – уақыт талабы
17.09.2025, 10:33

Шымкентте ағайынды чемпиондарға құрмет көрсетілді
17.09.2025, 10:14
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр
17.09.2025, 10:13
Еліміздегі мектептерде мыңнан астам инклюзия кабинеті бар
17.09.2025, 10:09
Алматыда нөсер жауыннан кейін көшелерді су басты
17.09.2025, 10:08
Үндістанда нөсер жауыннан кейін лай көшкіні жүрді
17.09.2025, 10:06
Израильдіктер соғысқа қарсы шеруге шықты
17.09.2025, 10:05
Еуропалық сарапшылар діндер съезіне үлкен үміт артады
17.09.2025, 10:03