Бас прокуратура инвесторлардың құқығын қорғау бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Бас прокурордың айтуынша, экономикаға 8 трлн теңгеден астам қаржы құйған 445 инвесторға құқықтық көмек көрсетілді. Берік Асылов активтерді қайтару жұмыстарын да баяндады. Биыл прокуратура органдары жалпы құны 262 миллиард теңге, соның ішінде шетелден 205 миллион долларға бағаланған активтерді қайтарған. Активтерді басқару компаниясына, кәсіпорындардағы құны 82 миллиард теңге болатын мүлік пен үлестер берілді. Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданды. Президент «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуына прокуратура органдарының күш-жігерін барынша жұмылдыруды тапсырды.
Оңғар Алпысбайұлы