Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев ауыл балаларына шеберлік сабағын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев ауыл балаларына шеберлік сабағын өткізді

16.09.2024

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Павлодар облысының Железинка ауданында ауыл балаларына шеберлік сабағын өткізді. Ол дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ұстаз Теміршот Нүкенов атындағы дәстүрлі республикалық турнирге арнайы барған. Жарысқа еліміздің сегіз өңірінен 250-ден астам спортшы қатысты. Палуандар екі күн бойы жеке салмақ дәрежесі бойынша және командалық кездесулерде күш сынады. Өңірде дзюдошылардың республикалық чемпионаты осымен 17-рет өткізіліп отыр. Дәл осы турнирге кезінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қатысып, жасөспірімдер арасында жеңіске жеткен. Жарысты ұйымдастырушылар Ертіс-Баян жұртының атынан Ғұсман Қырғызбаевқа тұлпар мінгізді.

Ғұсман Қырғызбаев, дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері:

Олимпиада ойындарында еліміздің көк байрағын желбіретуге бірден бір себеп - осындай жарыстар. Себебі әр жарыс болған сайын балалар көреді, көзі ашылады, үйренеді, тәжірибе алады. Жалпы үлкен жарысқа келешекте дайын болады деп айтуға болады.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу