Алматы облысындағы жол апатынан 7 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы жол апатынан 7 адам зардап шекті

13.09.2024

Алматы облысында қоғамдық көлік көпірден шығып кетіп, ішінде 15 жолаушысы бар шағын автобустың үстіне құлаған. Оқиға кеше кешке Қаскелеңге бұрылар тұстағы жол айрығында болды. Куәгерлердің сөзінше, №78 автобустың салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Алдын-ала болжам бойынша ол өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмай қалған.

Апат салдарынан 7 адам зардап шегіп, қоғамдық көліктің жүргізушісі аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылған. Қалғандары жеңіл жарақат алған. Полицияның хабарлауынша, қос көлік айып тұрағына жеткізіліп, осы оқиғаға қатысты тергеу басталған.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу