«Әлемде адам саудасының 50 млн-нан астам құрбаны бар. Бірақ олардың арасында көмек алғандар саны жүз мыңнан аспайды». Мұндай статистиканы Орталық Азия бойынша субөңірлік үйлестіруші Зейнал Гаджиев айтты. Біздің елде де статистика көңіл көншітпейді. Жылына 150-ге жуық қылмыстық іс қозғалады. Арнайы өткен брифингте, сала мамандары адам саудасына қарсы мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың бірлесе әрекет етуінің маңыздылығына тоқталды. «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңды тиімді іске асыру тетіктерін талқылады. Сарапшылар «5 қыркүйекте күшіне енген құжат адам құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді»,- деп сенеді.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Адам саудасы адам құқықтарын бұзудың ең жаман, ең осал түрлерінің қатарына жатады. Жалпы заңсыз табысы жағынан бұл әлемде үшінші орын алады. Бірінші орында заңсыз қару-жарақ сату, екіншісі есірткі сату, үшінші осы адам саудасының заманауи түрлері.
Серік Жұмабек