![Адам саудасына қалай тосқауыл қоюға болады?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42408.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Адам саудасының түрлері көп. Мысалы, мәжбүрлі еңбек, жыныстық мақсатқа пайдалану, үй құлдығы, қайыршылыққа мәжбүрлеу т.б.
Сарапшылардың пайымдауынша, ұйымдасқан қылмыс саласында XXI ғасырдың өзекті мәселесіне айналған адам саудасы есірткі мен қару-жарақ саудасынан кейін 3-орынға ие.
Көбінесе адам саудасына ұшырайтындар әйелдер мен кәмелетке толмағандар. Жыл сайын әлемде 700 мыңнан 5 миллионға дейін ерлер, әйелдер мен балалар адам саудасының құрбандары болып, ықтиярсыз құлдықта ұсталады. Оның 1,2 миллионы – балалар.
Осындай қоғам қасіреті біздің елімізде де кең етек жайған. Мұндай қылмысқа қалай тосқауыл қоюға болады? Бүгін 20.05-те «Арнайы репортаж» осы мәселеге зерттеу жүргізбек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Адам саудасына қалай тосқауыл қоюға болады?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/92092/)