Әлемде 9 миллионнан астам адам вирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде 9 миллионнан астам адам вирус жұқтырған

24.06.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 миллион 300 мың адамға жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індет ірі елдерде көбейгенін мәлімдеді. Солардың бірі – Бразилия. Елде вирустың таралу қарқыны үдеп, науқастар саны 1 миллионнан асып кетті.

Жапонияда да карантин талаптары жеңілдетілген соң, дертке шалдыққандар көбейген. Токиода бір тәулікте 55 науқас тіркелген. Бұл – елдегі соңғы бір жарым айдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Ал Сауд Арабиясы биыл қажылық сапарды сап тиды. Пандемияға байланысты осындай тыйым салынып отыр. Дегенмен елде тұрып жатқан басқа мемлекет азаматтарына қасиетті жерлерде мінәжат етуге рұқсат берілген.

Қытай болса күніне 3 миллионнан астам адам коронавирусқа тест тапсыра алатын жағдайға енді жетті. Ол үшін уақытша зертханалар ашылып жатыр. Ел билігі жаппай тестілеудің арқасында науқастарды дереу анықтап, індеттің таралуын тоқтатпақ.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу